Колледж студенттерінің құқықтары:

- Тандаған мамандығы бойынша мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес білім алу  (оның ішінде қосымша, ақылы)

- колледждің қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға және шешуге қатысу, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен колледж басқару органдары арқылы.

- Кітапхана, ақпараттық ресурстар, білім беру және басқа колледж бөлімшелерінің қызметтерін тегін пайдалану

- Қиындықтар туындаған жағдайда, кураторлар мен мұғалімдерден көмек, кеңес алу және түсінік алу

- колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысу

- Қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуы және оқудағы жетістіктері үшін моральдық және материалдық мадақталуға

 

Колледж студенттерінің міндеттері:

- таңдаған мамандығына бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерді, тәжірибелік дағдыларды және шеберлікті терең меңгеру

- Мәдениет пен білім деңгейін үнемі жетілдіру

- Теориялық және тәжірибелік сабақтарға қатысып, сабақ басталғанға дейін 15 минут бұрын, колледж ұйғарған пішінде келіп, оқу жоспарына сәйкес тапсырмаларды уақытында орындап, сабақ уақытында ұялы телефондарды өшіреді

- Мемлекеттік тілді меңгеру және Қазақстан Республикасының халықтарының мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарау

- Егде адамдарға, оқытушыларға және басқа колледж қызметкерлеріне құрмет көрсету, басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу

- Өз денсаулығына және өз жолдастарының денсаулығына жауапкершілікпен қарау, ұқыпты және тәртіпті болу

- Оқушыларға темекі шегуге, ішімдік пен есірткіні қолдануға, заңға қарсы әрекеттерге қатаң тыйым салынады.

- Қоғамдық орындарда, медициналық мекемелерде (ауруханалар, емханалар, дәріханалар және т.б.) тәртіпті бұзбау

- Колледждің мүлкіне қамқорлық жасау,аудиторияларда, дәліздерде және іргелес аумақтарда тәртіп пен тазалықты сақтау

- Оқытушы немесе басқа адам аудиторияға кіргенде, оқушылар тұрып сәлемдеседі

- Сабақ барысында окытушыны немесе топтасының жауабын  мұқият тыңдау,сөйлеспеу, басқа да әрекеттер жасамау

- Сабақ барысында тұрып жауап беру, мұғалімнің рұқсатымен отыру- Клиникада, зертханада,дәріханада өтетін тәжірибелік сабақтарда  қауіпсіздік техникасын сақтау, муляждарды, үлгілерді және басқа көрнекі құралдарды оқу бөлмелерінен алып шығуға болмайды.

- Сабақтан ауруға немесе қандай да бір себептерге байланысты 3 күн қатыспаған жағдайда - кураторды хабардар ету, студенттік емхананың анықтамасын тапсыру

-Оқу үрдісі барысында студенттер топ басшылардың және кураторлардын тапсырмаларын орындауы керек