"Авиценна" көпсалалы медициналық колледжінің мамандықтары:

030100 0 – «Емдеу ісі» мамандығы  030102 3 – «Акушер» біліктілігіне арналған  оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:

  • әртүрлі саладағы акушерлік және гинекологиялық бөлімшелерде, перинатальды орталықтарда және анамен баланың  денсаулығын сақтау  орталығында, әйелдер кеңесінде, стационарлық және емханалық  типтегі  медициналық  ұжымдардың  бөлімдерінде және диагностикалық – көмек көрсету қызметтерінде жүкті, босанатын, гинекологиялық науқастарға емдік –диагностикалық көмек көрсету;
  • асқынбаған туытта өздігінше, ал патологиялық туыт кезінде және туыттан кеінгі кезеңде  дәрігер акшер-гинекологпен бірігіп  медициналық көмек көрсету;
  • мамандықтың саласы бойынша жіті аурулар және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсету;
  • бөлімшелерде (әйелдер кеңесінде, бөлімде) санитарлық- гинекологиялық және санитарлық – эпидемиологиялық түзімдерді сақтау;
  • гинекологиялық ауруларды айқындау мақсатында  әйелдерді алдын-алақарау;
  • тұрғындар арасында, сондай-ақ жасөспірімдер арасында жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін контрацепцияның заманауи әдістерін және жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың алдын алу үшін қажетті  әдістерді енгізу шараларын жүргізу;
  • акушерия – гинекология саласындағы медициналық ұжымдардың құрылымдық бөлімдеріндегі пациеттердің және медицина  қызметкерлерінің инфекциялық  қауіпсіздігін  және инфекциялық бақылау жүйесін жүзеге асыру.

030100 0 – «Емдеу ісі» мамандығы 030101 3 – «Фельдшер» біліктілігі бойынша бітірушінің кәсіптік қызметінің объектілері әр түрлі жас аралықтарындағы үлкен адамдар  және балалар болып табылады.

    «Фельдшер» біліктілігіне арналған оқу бітірушілерінің кәсіптік қызметтерінің түрлері:

  • ауруханаларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда (ДА), фельдшерлік-акушериялық пунктерде (ФАП), медициналық-санитариялық алғашқы жәрдем (МСАЖ) орталықтарында емдік-диагностикалық шараларға, әртүрлі жас аралықтарында науқастарға алғашқы медициналық және санитариялық көмек көрсетуге қатысу;
  • жіті ауруларда және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету және науқастың жағдайын бағалау;
  • медициналық манипуляцияларды жүргізу;
  • медициналық мекемелерде санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтау;
  • жаңа ақпараттық технологияларды, әдістемелерді, тәсілдерді, ақпараттарды беру және сақтауды қолдану;
  • науқасты реабилитациялауға және әлеуметтік қорғаныс органдарының, қайырымдылық қызметтерімен бірлесіп интернат үйлерінде, жалғызбастылар хоспистеріне, қарттарға, мүгедектерге және созылмалы ауруы бар науқастарға көме көрсету және  орналастыруды ұйымдастыруға қатысу;

030200 0 -  «Мейіргер ісі» мамандығы 030203 3 – «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі бойынша мамандарды 2005 жылдан бері даярлап келеді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесіне қызметкерлердің көп бөлігін медициналық мейірбикелер құрайды.  Мейірбикелер медицинаның барлық саласында қызмет жасайды, әрі әр уақытта беделді және өте қажетті мамандықтардың бірі болып саналады. Колледжді бітірушілерді білімді, жан-жақты кәсіби маман деңгейінде дайындау мақсатында бітіруші топтың студенттері арасында кәсіби шаралар өткізіледі. «Ең үздік мейірбике», «Мамандығым мақтанышым», «Мамандығымның үздігі» атты көптеген сайыстар ұйымдастырылып, бөлім студенттері осы сайыстарға белсене қатысады. Бұл шаралар студенттердің таңдаған мамандығына сүйіспеншіліктерін  арттыруға көмектеседі.

     Түлектердің кәсіби қызмет объектілері ересек тұрғындар мен балалар, ал олардың кәсіби қызмет орындары төмендегілер болып табылады:

  • түрлі ведомстволар мен мекемелердің денсаулық қызметін басқару органдары;
  • әр түрлі меншіктік формадағы балалар мен ересек медициналық ұйымдар;
  • ауруханалар, емханалар, амбулаториялар, ауылдық аймақтық ауруханалар, ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, профилакторийлар мен санаторийлер;
  • медицина саласындағы ғылыми - зерттеу ұйымдары;
  • балалар мектеп алдындағы мекемелер (бөбекжай, бала бақшалар);
  • білім беру ұйымдары (мектеп, колледж, жоғары білім беру мекемелері);
  • әлеуметтік қорғау ұйымдары жатады.

«Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігіне арналған оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:

  • мейірбикелік процесс кезеңдері негізінде пациентке мейірбикелік күтімді ұйымдастырады;
  • ауруханалық мекемелерде дәрігердің тағайындауы бойынша профилактикалық, емдік, диагностикалық шараларды орындайды; құралдарды дайындайды және қиын манипуляцияларды жүргізуде дәрігерге көмектеседі;
  • ересектерге және балаларға білікті медициналық көмек көрсетеді;
  • кәсіптік қызметінде жаңа білім мен технологияларды қолданады және өмір бойы білім алады;
  • дәрігердің амбулаториялық қабылдау жұмысын жүргізуді ұйымдастырады (жұмыс орнын, аспаптарды, құралдарды, науқастың амбулаториялық жеке картасын, рецепттерді, бланкілерді дайындайды, алдын ала анамнез жинауды және қарауды жүргізеді);
  • амбулаториялық-емханалық мекемелердің қызметі жағдайында науқастарға қалпына келтіру емі мен сауықтыруды ұйымдастырады.

030200 0 -  «Мейіргер ісі» мамандығы 030201 1 – «Күту ісінің кіші медбикесі» біліктілігі бойынша

Күту ісінің кіші медбикесі медбикелік жетекшілігімен өз міндеттерін орындайды және медициналық көмегінің келесі нысандарын ұсынады:

- алғашқы медициналық – санитарлық көмек;

- стационарлық көмек;

- паллиативтік көмек және медбикелік күтім.

Медициналық көмек көрсету кезінде келесі манипуляция тізбесі жүргізіледі:

- залалсыздандыру ертінділерді дайындау;

- күтуге арналған заттарды өндеуді орындау, залалсыздандыру құралдармен әр түрлі мекемені жинау түрлерін жүргізу;

- медициналық қалдықтарын жою;

- бұлшық ет релаксациясын жүзеге асыру және арқаға ширату үгу жасау;

- науқастын тамақтануын, науқасқа гигиеналық күтімін іске асыру;

- зәр шығару қабылдауыш немесе басқа ыдысты пайдалану;

- жатып қалған науқастың төсегін, киімдерін ауыстыру;

- төсекте науқасты ыңғайлы жатқызу;

- арнай керуетті пайдалану;

- ойылы жерлерін алдын алуды жүргізу;

- антропометрикалық  өлшеуін жүргізу;

- дене қызуын, ҚҚ, тамыр соғуын, ЖСЖ, ТҚЖ өлшеу;

- науқасты қозғалу қауіпсіздігін іске асыру, төсекке әр түрлі күйде науқасты жатқызу;

- науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекіту жабдықтарды пайдалну;

- науқасты балдырақпен, таяқпен, ағашаяқпен жүруді үйрету;

- селқос қимылдарын орындау үшін құрылғыларды пайдалану;

- төтенше жағдайда науқасты басқа жерге апаруының қауіпсіздігін іске асыру;

- мұз бар ыдысын, термокөрпе, құрғақ жылу, жылытатын және суық компресті пайдалану;

- Зимницкий, Нечипоренко бойынша, жалпы талдамасына зәр жинауын жүргізу;

- жасырын қанға, копрологияға, ішек құртын жұмыртқасына нәжісті жинауды жүргізу.

 030600 0 - «Фармация» мамандығы 030601 3 – «Фармацевт» біліктілігі - ісі жақсы меңгерілген мамандық. Студенттер дәріханалар мен емханаларда өз білімдерін ұштастырады. Бөлімге дәріс беретін оқытушылардың  басты міндеті мен мақсаты – студенттердің таңдаған мамандықтарының жауаптылығын ұғындырып, қызығушылықтарын арттыру, шебер кәсіби маман дайындау болып табылады. Бөлім студенттері өндірістік тәжірибелерден өту кезінде дәріханада санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау , дәрісханада дәріні дайындауға  жұмыс орынын әзірлеу,  дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, безендіру, гербариді жасау сияқты талаптарды игеріп шығады.

     Фармацевтің кәсіби қызметінің объектісіне:

  • ҚР Мемлекеттік реестрінде тіркелген және медициналық қабылдауға рұқсаты бар, аурудың алдын алуға қолданылатын диагностикалық және емдеуге арналған дәрі – дәрмектер;
  • парафармацевтикалық өнімдер, диагностика үшін және аурудың  алдын алуға қоладанылатын медициналық бұйымдар мен жасандылар.

     Фармацевтің кәсіби қызметінің түрлері:

  • жалпы фармацевтикалық: фармацевтикалық өнімді көтерме – бөлшек сауда арқылы босату;
  • өндірістік: дәрігерлік нысандарды дәріханалық жағдайларда дайындау;
  • ақпараттық-сараптамалық;
  • ақпараттық-кеңестік;
  • маркетингтік;
  • инновациялық.

Фармацевтер жұмыстарын жоғарғы білімді фармацевт мамандарының бақылауымен жүргізеді.

030400 0 - «Стоматология» мамандығы 030402 3 – «Дантист»  біліктілігі оқыту және оны үйрету білімнің дамуына өз ықпалын тигізеді. Бұл мамандық денсаулық сақтау саласына көмегін тигізеді, және  студенттер үшін тәжірибелік оқу үрдісінің дамуы болып табылады. Студенттердің ғылыми - іздену қабілеттілігін арттыру мақсатында «Қуан сәби», «Медик-химик», «Алтын ине» атты үйірмелер жұмыс істейді. Студенттердің сапалы білім алулары үшін толық жағдай жасалған.

      Түлектердің кәсіптік қызмет объектілері  ересек тұрғындар мен балалар. Түлектердің кәсіптік қызмет орындары төмендегілер болып табылады:

  • тіс техникалық зертханалар;
  • стоматологиялық бөлімдері бар емдеу – профилактикалық мекемелер: емханалар клиникалар, медициналық орталықтар;
  • фельдшерлік-акушерлік бөлімдер жанындағы тіс техникалық зертханалар.

«Дантист» біліктілігіне арналған оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:

  • орталықтарда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда, тіс техникалық зертханаларда әр түрлі жастағы науқастарға алғашқы тіс техникасына қатысты көмек көрсету;
  • әр түрлі жастағы балаларға ауыз қуысы аурулары туралы кеңестер беріп, иммуно-профилактика және диспансерлік бақылау жүргізу;
  • стоматологиялық ұйымдарда нормативтік медициналық құжаттарды рәсімдеу.

 030500 0 - «Лабораториялық - диагностика» мамандығы 030501 3 – «Медициналық зертханашы» оқу жоспарына сәйкес    барлық қажетті кабинеттер мен лабораториялар жасақталған.  Осы мамандық бойынша студенттер көптеген медициналық орталықтарында тәжірибеден өтіп мамандардың кәсіби білімі мен тәрбиесіне көп көңіл бөлініп, «Мамандығымның үздігі» атты көптеген сайыстар өткізілді. Бұл   шаралар студенттердің таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.

            Медициналық зертханашының кәсіби қызметінің объектілері:

  • биологиялық материалдар;
  • сыртқы ортаның объектілері;
  • азық түліктер.

Білім алушылардың кәсіптік қызметін жүзеге асыруға арналған мекемелерге емдеу-алдын алу және ветеринарлық мекемелер жанындағы диагностикалық орталықтар, диагностикалық зертханалар, жоғары және орта оқу орындары, медициналық-биологиялық және ветеринарлық-биологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары, биотехнологиялық және фармакологиялық профильдегі өндірістік кәсіпорындардың бөлімшелері мен зертханаларды ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау саласының басқарушылық құрылымдары жатады.

«Медициналық зертханашы» біліктілігі түлегінің кәсіптік қызметінің түрлері:

  • дистилятормен, қыздырғыш аспаптармен, центрифугамен, барлық түрдегі таразылармен, КФК, ИФА, ПЦР, талтағышавтоматтармен, жеделталдағыштар және басқалармен жұмыс істеу;
  • гистологиялық техниканың негізгі әдістерін пайдалана отырып, микроскоппен жұмыс істеу;
  • қарапайымдардың, гельминттердің буынаяқтылардың әрқилы даму сатыларындағы типтерін анықтауды іске асыру;
  • биологиялық материалдардың биохимиялық талдауының әдістерін білу;
  • қанның, несептің, асқазан сөлінің, нәжіс массаларының, өттің, қақырықтың қынап қабырғаларының жасушаларының, еркек безі сөлінің, ликвордың қалыпты жағдайдағы және ауырғандағы қасиеттері мен құрамын анықтау;
  • асқазан, өтқалта қызметін зерттеу әдістерін игеру және қан топтарына, саңырауқұлақпен және жыныстық қатынас ауруларымен зақымдануларға сипаттама беру;
  • бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулерге арналған материалдарды (қақырық, ірің, жұтқыншақ пен мұрынның ішіндегі заттары, артқы тесіктен бөлінген заттар, несеп, қан) алуды іске асыру.