Шымкентте Наурыз алаңында қала тұрғындарының арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша көлемді флеш-моб өтті. Жылу беру маусымы басталғалы бері Шымкент қаласының аумағында «Абайла, улы газ!» атты айлық өткізіліп, оның аясында ТЖ қызметкерлері волонтерлармен бірігіп нұсқаулықтар мен флеш-мобтар өткізуде. Қоғамдық орындарда және  тұрғын секторда бірлескен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың барысында тұрғындарға жадынамаларды таратылуымен газ жабдықтарын пайдалану кезінде  тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары түсіндіріледі. Сондай-ақ, көптеген орта-арнайы оқу орындары профилактика бойынша осындай іс-шараларға белсенді түрде қосылатындығын атап өту қажет. Атап айтсақ, «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжі басшылығының бастамасымен студент-медиктер Шымкент қаласы ТЖД Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған бірлескен профилактикалық акциясына қатысты. Аталған акцияның мақсаты халықты отты абайсыз пайдалану қаупі туралы ескерту, улы газбен улануына, кішкентай балалардың өліміне жол бермеу. Азаматтық қорғау капитаны Нұрдәулет Ерғалидің басшылығымен қалалық Наурыз алаңында 100-ге жуық студент өз кураторларымен бірге «Өрттен сақтан!» атты профилактикалық жазуға сапқа тұрды. Содан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіштің алдында отқа ұқсас қызыл түсті парақтары бар студенттер «Қала тұрғындары! Оттан сақтаныңыздар!» деген сөздерді айтып шықты. Бұл флеш-моб «Отырар» телеарнасы арқылы көрсетіліп, осылайша қала тұрғындары жылу беру маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша толық хабарландырылды.