«Авиценна» көпсалалы  медициналық колледжінің тынысы 

        Шығыстың ғұламасы, медицина саласының негізін қалаған тұлға Авиценнаның есімін иеленген колледж 2005 жылы құрылған.  

        Шымкент қаласында алғашқы жеке меншік, ақылы, орта арнаулы оқу орны болып ашылды. 

         «Авиценна» көпсалалы медициналық колледжі – денсаулық сақтау саласын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттарға сай негізгі орта буынды медицина қызметкерлерін даярлайтын кәсіби – техникалық мультипрофильді оқу орны.  Колледжде тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, әлеуметтік, кәсіби тұрғыда дамуына жағдай жасалған, заман талаптарына сай инновациялық технологияларды белсенді қолданумен және білікті маман даярлау үрдісінде үздіксіз дамуымен ерекшеленетін білім ордасы.  

           Колледж ұжымының құрамында профессорлар, ғылым кандидаттары, магистрлер, жоғары білікті ұстаздармен оқытушылардың басты ұстанымы білім алушыларға сапалы білім, саналы ұлттық тәрбие беру.   

        Оқу орнында әдістемелік кеңестің басшылығымен 11 кафедра жұмыс жасайды. Оқу тәрбие үрдісіндегі орнықты оқыту ұстаным жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылуда.          

           Қазіргі танда 6 мамандық бойынша білім беріледі. Заман талабына  сай,  колледжде жаңа лабораториялық кабинеттермен және компьютерлік сыныптармен жабдықталған. Сондай-ақ, жаңа мультимедиялық және  интерактивті құралдармен, спорт алаңы, сауықтыру залдары, кітапхана, электронды оқулықтармен,  асханамен  т.б. қамтамасыз етілген.  

         Колледжді бітірген студенттер денсаулық сақтау мекемелерінде жоғары сұранысқа ие.  Қазіргі уақытта  орны, имиджі қалыптасқан, сапалы мамандарды оқытып отырған, Республика бойынша алдыңғы  қатардағы колледждің бірі. Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік экономикалық даму жолындағы көшбасшы құрамында.   

          Студенттер облыстық, қала, аудандардағы мекемелерге барып оқығанын тоқып, науқастармен тікелей жұмыс жасайды.  Студенттеріміз облыстық, республикалық сайыстардан жүлделі орындарды иемденіп келеді.