Құрметті сайт қонақтары, Сіздермен өзімнің блогымда жүздескеніме өте қуаныштымын!

Бұл интерактивті ресурс, колледждің қызметі жайлы мәселелерді қарастыруға мүмкіндік беретін жақсы алаң болады деп үміттенемін. Мен ашық, конструктивті диалог құруға дайынмын. Және біздің колледждің құзіретіне жататын сұрақтардың еш біреуін де, мүмкіндігімше, жауапсыз қалдырмауға тырысамын. Колледж қызметінің мәселелеріне көңіл бөліп, оқу процесінің сапасы мен студенттердің әлеуметтік жағдайларын жоғарылатуға ұсыныстарыңыз болса, Сіздерді қолдауға күш саламын. Сіздермен бірге қоғам үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан және еңбек нарығында қажет ететін жоғары құзіретті азаматтарды даярлауға атсалысатын боламыз.

Шығыстың ғұламасы, медицина саласының негізін қалаған тұлға - Авиценнаның есімін иеленген колледж 2005 жылы құрылған.
«Авиценна» көпсалалы медициналық колледжі – денсаулық сақтау саласын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттарға сай негізгі орта буынды медицина қызметкерлерін даярлайтын кәсіби – техникалық мультипрофильді оқу орны. 

Колледжде тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, әлеуметтік, кәсіби тұрғыда дамуына жағдай жасалған, заман талаптарына сай инновациялық технологияларды белсенді қолданумен және білікті маман даярлау үрдісінде үздіксіз дамуымен ерекшеленетін білім ордасы. 

Біз Сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз, құрметпен, колледж директоры – Ж.Ж.Пралиев

Контакты: тел. +7 (7252) 32-40-64,+7 (7252) 48-95-33; e-mail:@Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.