"Авиценна" көпсалалы медициналық колледжінің тынысы

    Шығыстың ғұламасы, медицина саласының негізін қалаған тұлға Авиценнаның есімін иеленген колледж 2005 жылы құрылған.
 Шымкент қаласында алғашқы жеке меншік, ақылы, орта арнаулы оқу орны болып ашылды.

   "Авиценна" көпсалалы медициналық колледжі - денсаулық сақтау саласын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттарға сай негізгі орта буынды медицина қызметкерлерін даярлайтын кәсіби - техникалық мультипрофильді оқу орны. Колледжде тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, әлеуметтік, кәсіби тұрғыда дамуына жағдай жасалған, заман талаптарына сай инновациялық технологиялық белсенді қолданумен және білікті маман даярлау үрдісінде үздіксіз дамуымен ерекшеленетін білім ордасы.

   Колледж  ұжымының  құрамында профессорлар, ғылым кандидаттары,магистерлер, жоғары білікті ұстаздармен оқытушылардың басты ұстанымы білім алушыларға сапалы білім, саналы ұлттық тәрбие беру.
   Оқу орнында әдістемелік кеңестің басшылығымен 11 кафедра жұмыс жасайды. Оқу тәрбие үрдісіндегі орнықты оқыту ұстаным жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылуда.

   Қазіргі танда 7 мамандық бойынша білім беріледі. Заман талабына сай, колледж жаңа кабинеттермен және компьютерлік сыныптармен жабдықталған. Сондай-ақ, жаңа мультимедиялық және интерактивті құралдармен, спорт алаңы, сауықтыру залдары, кітапхана, электронды оқулықтармен,асханамен т.б. қамтамасыз етілген.

   Колледжді бітірген студенттер денсаулық сақтау мекемелерінде жоғары сұранысқа ие. Қазіргі уақытта орны, имиджі қалыптасқан,сапалы мамандарды оқытып отырған, Республика бойынша алдыңғы қатардағы колледждің бірі. ҚР экономикалық даму жолдағы көшбасшы құрамында.

   Студенттер облыстық, қала, аудандардағы мекемелерге барып оқығанын тоқып, науқастармен тікелей жұмыс жасайды. Студенттерміз облыстық, республикалық сайыстардан жүлделі орындарды иемденіп келеді.

 

Колледж миссиясы: Қазіргі заманғы жұмыспен қамту нарығында еркін бәсекелесетін, білікті, белсенді жұмыс атқаратын кәсіби медициналық мамандарды   дайындау.

 «Авиценна» медициналық колледжінің стратегиялық мақсаттары:

  1. 2019 жылы СТ ҚР  ИСО 9001-2009   менеджмент жүйесінің сапасын талдау және енгізу;
  2. 2019жылы  СТ  ҚР  ИСО 9001-2009, ISO 9001:2015 Менеджмент жүйесінің сапасын сәйкестендіру және сертификациялау;
  3. Студенттер мамандық және тиісті біліктілікке ие болуын қамтамасыз ету;
  4. Белсенді өмірлік ұстанымы бар, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маманды даярлау;
  5. Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жүйесін дамыту;
  6. Колледждің материалдық-техникалық және әдістемелік базасын дамыту;
  7. Колледждің оқу процесінің барлық субъектілерінің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында денсаулық сақтау-білім беру кеңістігін жан-жақты дамыту;

Міндеттері:

  • білім беру үдерісіндегі барлық қатысушыларды тиімді өзара әрекеттесу үшін жағдайлар жасау және олардың өзін-өзі жүзеге асыру шарттары;
  • білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту;
  • қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру, білім сапасын жоғарылату;
  • колледждің материалдық-техникалық және әдістемелік базасын дамыту;
  • мүдделі тараптардың серіктестік қатынастарын қалыптастыру: ЕСҰ, медициналық ОБҰ, ЖОО;
  • колледж базасында қолданбалы бакалавриат программасымен жоғары мейірбике мектебін құру.

Көзқарас: жеке және қоғамның бастамаларын іске асыруға, еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне және денсаулық сақтауды дамыту перспективаларына бағытталған орта медициналық мамандарды оқыту жүйесіне артықшылық беру.